jasqazaq.kz

«Әкемізді жек көреміз»: Шымкентте 7 бала анасының өліміне қатысты істі қайта қарауды сұрады

27 маусым 2025, 14:57

Шымкентте сот ер адамды әйелін өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деп айыптап, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда марқұм әйелдің балалары бұл үкіммен келіспей, әкесі анасын өлтіргенін дәлелдегілері келетінін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Қайғылы оқиға қалай болды?
Трагедия 2025 жылғы ақпанда Шымкенттегі көпбалалы отбасында болған. Сот нұсқасына сәйкес, әйел терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Сот ер адамды кісі өлтіру емес, суицидке итермелеу бабымен кінәлі деп танып, минималды қауіпсіздік мекемесіне 1,5 жылға қамауға алды.

Балалары: «Анамызды итеріп жіберді»
Марқұмның жеті баласы сот шешімімен келіспейді. Олар:

Анасының суицид жасауы мүмкін емес екенін айтады;
Әкесінің оны терезеден итеріп жібергенін алға тартады;
Кішкентай балалардың айғақтары тергеу кезінде ескерілмегенін алға тартады.
«Біз анамыз өздігінен секірді дегенге сенбейміз. Төрт жастағы бала шындықты айтты, бірақ олар оның сөзін елеген жоқ. Ал ол өтірік айтпайды», – дейді марқұмның үлкен қызы Перизат Қалдарбек.

Ұзақ жылғы зорлық-зомбылық пен отбасылық қасірет
Перизаттың айтуынша, әкесі көп жылдар бойы анасына және балаларға физикалық және моральдық зорлық көрсетіп келген.

«Ол кісінің қол көтермеген күні жоқ. Біз – жетеуміз. Әкемізді жек көреміз. Ең кішкентайымыз да әкесін көргісі келмейді. Сотта «әкеңмен кездескің келе ме?» деп сұрағанда, ол «жоқ» деді», – деп қосты ол.

Қазір балалардың бірі өзге бауырлары мен сіңлілеріне қамқоршы болып отыр. Олар сот үкіміне шағым түсіруге ниетті. Қылмыстық істі қайта тергеуді талап етіп отыр. Әділдік үшін күресті тоқтатпаймыз дейді.

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы