jasqazaq.kz

“Әкеме көлік алып бердім”. Ержан Максим жеңістен кейінгі жағдай туралы ой айтты

15 қантар 2025, 11:48

Ержан Максим — Қазақстанның жас таланттарының бірі, әлемдік деңгейде танымалдылыққа ие болған жас әнші. Ол «Голос. Дети» халықаралық байқауына қатысып, ерекше дауысымен көрермендердің жүрегін жаулап алған. Байқаудан кейінгі өмірі туралы “Мың бір түн бағдарламасында Ержанның өзі былай деп бөлісті:

«Голос. Дети байқауында маған миллион рубль берді. Ол кезде 8 миллион теңге болатын. Сол ақшаны үйдегі барлық кредиттерді жабуға жұмсадық. Сонымен қатар, әкеме көлік алып бердім. Бұл біздің отбасы үшін үлкен сыйлық болды. Ағаларымыз айфон, макбук сияқты техника сыйлады. Телефондар мен техникалар көп болды. Бұл мен үшін керемет кезең болды.»

Ержанның айтуынша, бұл жеңіс оның отбасына ғана емес, болашағына да үлкен серпін берген. Байқаудан кейін Ержан көптеген музыкалық жобаларға қатысып, Қазақстанның атын әлемге танытқан.
Ержан Максим 2007 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жастайынан әнге деген қызығушылығын байқатқан ол 2019 жылы «Голос. Дети» байқауына қатысып, финалға дейін жетті. Байқаудағы жеңісі оның танымалдылығын арттырып, халықаралық деңгейдегі сахналарға жол ашты. Ержанның дауысы мен өнерге деген құштарлығы көптеген тыңдармандардың жүрегін жаулап, Қазақстанның мақтанышына айналды.

Фото: arnapress.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі