jasqazaq.kz

«Әкем ұрысты». Жігер Ауыпбаев беташар туралы пранк туралы түсінік берді

02 мамыр 2025, 14:27

Әнші Жігер Ауыпбаев бейнебаянының тұсаукесерін пранк түрінде өткізіп, жұртқа жақпай қалған болатын. Не үшін ондай қадамға барғанын ол Анна Данченкоға айтып берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жігер Ауыпбаев: «Біраз уақыт болды, өнерден өте қатты алыстап кеттім. Үш жылдай өзімді жоғалтып алдым. Биыл ғана шығармашылықты қолға алып жатырмын. Байқасаңыз, үлкен кісілер жоқ. Тек өнердегі ең жақындарымның ғана басын қостым. Мені түсінеді-ау деген жандарды қарадым. Жалпы, пранк дегенді мен ойлап таппадым. Қоғамда бар дүние еді. Ешкім мұндай оқиғаны күтпеді. Розаға келсек, ол – менің досым. Сәуір айында тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желіге бірге видео салдық. Содан халық шулап кетті.

Достарымның қолдауымен жасадым. Қонақтарды таңғалдырғымыз келді. Көбі түсінбей қалған сияқты. Ауылдағы ата-анам да хабарласты. Әкем ұрысты, анам уайымдады. Соңы жақсы аяқталды. Бірақ қонақтардың жүзінен таңғалудан бұрын, ренішті байқадым. Мейрамханадағы бос үстелдердің өзі күдік тудырған шығар. Бірақ фуршет жасадық. Қалыңдық көйлегінен бастап, пранкке 2 миллион 500 мыңдай ақша жұмсалды», — деді.

JQ-Aqparat   

Сурет: видеодан кадр

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі