jasqazaq.kz

«Әке-шешеге қарамай кеткендер жалақысының жартысын кесіп берсін»

27 наурыз 2025, 15:30

Біздің депутаттар кейде тақырып таппай қала ма, болмайтын бір сауал жолдай салады. Мәселен, жуырда ата-анасын қараусыз қалдырған жандарға алимент төлету туралы мәселе көтеріп, безбүйректің жалақысының жартысын кертіп алу керек деген ұсыныс айтты. Бұған Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев жауап берді.

Вице-премьер мұндай мәселе қарт адамның өз шешімімен жүзеге асырылатынын, мәжбүрлеу заңға қайшы екенін еске салды.
Сондай-ақ халық қалаулылары 70-тен асқан жандардың жылжымайтын мүлкін басқа адамның атына рәсімдеуге тыйым салу туралы да ұсыныс айтты.

Оған вице-премьер мынадай жауап берді: «Конституцияға сәйкес, азаматтар заңды түрде алған мүлкін жеке меншігінде ұстауға құқылы. Соттың шешімісіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Азаматтық кодекс бойынша меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы бар. Осыған орай, әділет министрлігі жылжымайтын мүлкін басқа адамдардың атына рәсімдеуге шектеу қою азаматтық құқықтың негізін бұзатынын айтады. Себебі ол өз қалауымен өзінің мүлкін сатуға, алмастыруға, сыйға тартуға тағы да басқа әрекеттер жасауға кедергі болады».

Шыны керек, депутаттардың аяқ астынан мұндай мәселені не үшін көтергені түсініксіз болып тұр. Әлде қарттыққа қазірден қам жасағаны ма?

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі