jasqazaq.kz

Әке құқығынан айыру туралы іс: Бішімбаев сотқа онлайн қатысты

12 қараша 2024, 14:55

Степногорск колониясында жазасын өтеп жатқан Қуандық Бішімбаев сот процесіне онлайн қатысты. Бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны әке құқығынан айыру үшін сотқа берген болатын. Қыркүйек айында сот оның шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Бүгін іс апелляциялық сотта қаралды.

Іnformburo.kz жазғанда, сот процесінде Бішімбаев балаларына алиментті уақытында төлеп отырғанын жеткізді.

«Сенімхатқа келсек, мен қамауға алынғаннан кейін Қаһарманның адвокаты да, өзі де балалардың тегін өзгерту және сенімхат беру туралы құжаттарды берген жоқ. Алғашқы процестен кейін мен бірден қол қойдым. Егер бұл балалардың мүддесі үшін болса, олар өздерін жайлы сезінетін болса, қарсы емеспін», — деді Бішімбаев.

Балаларының шетелге шығуына мүмкіндік беретін сенімхатқа қол қойғанын айтқан Бішімбаев тағы бір жәйтке тоқталды. «Менің балаларым Салтанат Нүкенованы өгей шеше ретінде де, жақын адамы ретінде де қабылдаған емес. Керісінше, наурыздағы оқиғадан кейін оны жек көріп кетті. Үлкен ұлым араласқысы келген жоқ. Қаһарманның балаларға онымен оңаша қалуға тыйым салған», — деді.

Ақырында апелляциялық коллегия алғашқы сот шешімін күшінде қалдырды, яғни Бішімбаевті әке құқығынан айырған жоқ. Назым Қаһарман енді Жоғарғы сотқа шағымданбақ.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі