jasqazaq.kz

Айжан Нұрмағамбетова: Ақылы бар әйел кемшілігін көрсетпейді

23 мамыр 2024, 13:52

Отандық эстрада жұлдызы Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты. Өнер иесі нәзік жандыларға қойылатын талаптарға қатысты өз пікірін «Оян» бағдарламасында жеткізді. Әңгіме барысында Айжан Нұрмағамбетова ақылы бар әйелдердің артықшылығы басым екенін атап өтті.

«Сіздерге әйелден не ұнайды деп айтады ғой. Біреу көз, біреу аяқ дейді. Мен ер азамат болсам, әйелдің миы болсын дер едім. Ми бар, ой бар, ақылы бар әйел өзінің жақсы нәрселерін ғана көрсетеді, кемшіліктерін көрсетпейді», — деді ол.

«Мен жастарды қызғанбаймын, олармен мақтанамын. Бірақ оларға қарағанда «әттең, неге ерте тудым немесе неге ерте қартайдым» деймін. Былай киінгенде біреулер «бұлай дұрыс емес қой, жасы келді ғой» деп айтатын шығар. Ал маған ұнайды. Жалпы бір сұқбатымда «Мен – Қазақстан эстрадасының Томирисімін» деп айтқанмын. Ең бірінші қысқа киім киген, ең бірінші шашын аққа бояған, ең бірінші басқа тілде ән айтқан мен», — деп атап өтті әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі