jasqazaq.kz

“Айыппұл біздің табысымызға тура келе ме, жоқ па деген сұрақты қоймау керек.”Тамара Дүйсенова айыппұлдарға қатысты пікір білдірді

08 қантар 2025, 15:35

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айыппұлдар мөлшерлемесі мен халық табысының арасындағы баланстың маңызы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оның айтуынша, айыппұлдың негізгі мақсаты – заңның орындалуын қамтамасыз ету, ал оның көлемі азаматтардың табысына сәйкес келуі тиіс деген мәселе екінші кезекте тұр.

Тамара Дүйсенова:
– Сондықтан, айыппұл біздің табысымызға тура келе ме, жоқ па деген сұрақты қоймау керек. Меніңше, біз «заңды бұзбауымыз керек» деп сұрақ қою керек шығар. Біздің алға қойған мақсатымыз – заңды бұзып, айыппұлдың көлемін анықтау емес қой, – деді.

Вице-премьер айыппұлдың қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

– Біздің айыппұлдар не үшін салынады? Біріншіден, қоғамдық қауіпсіздікті немесе жол қауіпсіздігін сақтау үшін, ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін салынады. Егер осы мәселелер бойынша заңды тыңдайтын азамат болсақ, бізге ешкім ешқандай айыппұл салмайды. Айыппұл біздің табысымызға тура келу керек, келмеу деген мәселе дұрыс емес, – деді ол.

Тамара Дүйсенова салықтардың азаматтардың табысына тәуелді екенін де қоса айтты.

– Салыққа келер болса, ол біздің табысқа байланысты болады. Себебі табыстың 90 пайызын салыққа бере алмаймыз ғой. Өзіміз өсуіміз керек, – деді вице-премьер.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, ел азаматтары заңды сақтаған жағдайда айыппұл төлеу мәселесі мүлдем болмайды. Бұл ретте басты назар азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі