jasqazaq.kz

Айыппұл төлемеген жүргізушілер ұсталды

11 қыркүйек 2016, 13:55

Орал қаласында БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, жалған мемлекеттік нөмірлер тағып, әйнектер күңгірттелген, сондай-ақ айыппұлы бар жүргізушілерді анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізді.

20160911112411

 

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара барысында иелері 290 мың 327 теңге айыппұл «арқалаған» 24 автокөлік ұсталды. 2 автокөлік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 797-бабына сәйкес айып тұрағына қойылса, қалғандары айыппұлын сол жерде төледі. Сонымен қатар «тұтқындалған» 1 автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 612-бабына сәйкес  көлік жүргізу құқығынан айырылса да, иелері айдап жүрген 3 көлік сондай күй кешті.  590-бапқа сәйкес күңгірттелген әйнектері бар 6 көлік те алысқа кеткен жоқ.

Осындай рейдтік іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілмек.

Еске сала кетейік, биылғы сегіз айда 2316 автокөлік айып тұрағына қойылып, соның нәтижесінде 25 млн. астам теңге айыппұл өтелген болатын.

20160911112416

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде