jasqazaq.kz

Айтыскердің ұлы алаяқтық бабы бойынша тергелуде: Балғынбек Имашев іске қатысты пікірін айтты (Видео)

10 сәуiр 2025, 10:15

Сурет: Видеодан кадр

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болған. Данияр Имашев жолдама сатқан Qazaq travel компаниясының атқарушы директоры көрінеді. 50-ден аса адам Мекке мен Мәдинаға ұша алмай сан соғып қалдық деп отыр. Яғни рейске бір күн қалғанда, не билет, не қонақ үй алынбағаны белгілі болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Осы сәтте қасиетті мекенде жүруі тиіс болған туристер қазір полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, жолдама сатқан Qazaq travel компаниясы 50-ден аса адамды жолдан қалдырған әрі бұл туралы рейске бір күн қалғанда ғана мәлімдепті.

Қасиетті мекенге жете алмағандар қазір бірінен соң бірі полицияға шағым түсіріп жатыр. Ал атышулы компанияның кеңсесі жабық тұр. Ішінде тірі жан жоқ. Десе де «алдандық» деген жұрт бұлардың әлеуметтік желілерде әлі де қажылық турын сатып жатқанын айтып отыр. Осы мәселе бойынша полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғаған. Үш күдікті тергеуге алынды. Олардың қатарында Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұрағанымызда, ол бүгін үнсіз қалды. Есесіне, туындаған қиындықтың себебін оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.

Балғынбек Имашев, айтыскер ақын: — Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақ бағасы, қонақ үй қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, қызметте болуға талпынып жатыр.

Умраға ұша алмағандардың бар талабы — төленген қаражатты қайтару. Сондай-ақ Qazaq travel-ге өзге мұсылмандар алданбаса дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі