jasqazaq.kz

Айсұлу Ерниязова: Жоғары курстың студенттері жатақханада тұрғысы келмейді

06 қыркүйек 2023, 15:21

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі-студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова жатақханадан орын таппаған студенттер не істеу керегін айтты.

Баспасөз мәслихатында «Қалтасында төлейтін ақшасы болмаса және баратын жері болмаса ол студент не істеу керек? Қайда хабарласа алады? Ондай студенттер болды ма?» деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

«Былтыр Алматы оперативті штабқа 600-дей студент хабарласатын. Мәселен ата-ана балаларын Алматыға жібереді, алайда олардың қаржысы болмайды оның үстіне белгілі бір себеппен жатақхана орналаса алмай қалады. Біз оларды білім ордасымен бірлесе отырып оперативті штаб арқылы орналастырдық», — деді Айсұлу Ерниязова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ спикер студентке жатақхана мен хостел де бұйырмаған жағдайда не істейді деген сұраққа жауап берді.

«Ең бірінші барлық стдуент арнайы категория бойынша орналастырылады. Алдымен, 1-курс студенттері кейін басқа өңірлерден келген студенттерге беріледі. Ал жоғары курстарда оқитын студенттер, өз тәжірибемнен айтатын болсам, жатақханада тұрғысы келмейді», — деді Айсұлу Ерниязова.

Ол студенттер жоғары курсқа барған кезде достары мен таныстарымен бірлесіп, пәтер мәселесін өз бетінше шешіп жатанынын айтады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі