jasqazaq.kz

Айшолпан Тілеутай: Өтірік айтып, аяқтан шалғанды қойыңыздар

17 мамыр 2023, 11:00

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай продюсері Мөлдір Мұқанова туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Мен бұған жауап бермейін деп едім, бірақ оқырмандардың сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, менің бұрынғы продюсерім атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатоватың әйелі Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат берген. Барлықтарыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене-бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғандарын көріп менің қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің намысым бар, ешкімге өзімді таптатпайтын қызбын. Өткен жолы айтқанымдай, мен ешкімнен қорықпаймын, кімнің жары болсаңыз да. Астанаға арман қуып келдім. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келген болатынмын. Әкем күзетші, анам ұстаз. Сіздер сияқты асып-тасып жатқан байлықтары жоқ. Ата-анаманың үмітін ақтау үшін Астанаға келдім. Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп жұмыс істеуді ұсынды. Астанада мені қолдайтын адам бар екен, қорғайтын адам бар екен деп келісім-шартқа отырдық. Ол келісім шартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені әзіл әлеміне шығару керек болатын, киноға түсіру керек болатын, киіммен қамтамасыз ету керек болатын, концерттермен қамтамасыз ету керек болатын және ай сайын айлығымды уақытында төлеп отыру керек болатын. Өкінішке орай, бұл кісілер бес тараптың біреуін де орындаған жоқ. Мені жаз бойы байлардың тойына, депуттардың тойына, министрлердің тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды. Бір министр ағамыз домбыра сыйлаған еді, ол домбыраны Мөлдір ханым «саған бере алмаймын, мен арқылы алдың» деп өзінің үйіне қойып қойды. Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін деп телефонымды алмай қойдым. Мен тек бір Алладан ғана қорқамын, басқа ешкімнен қорықпаймын. Қай жерде жұмыс істесе де, кімнің әйелі болса да. Сондықтан Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға, маған төлемеген айлықтарыңызбен байып кете қойыңыздар. Аман болыңыздар, бірақ та менің мазамды алмаңыздар. Аяқтан шалмаңыздар. Өтірік айтып, байбалам салмаңыздар. Сау болыңыздар, қазақ елі әділдікті сүйеді», — деп сөзін аяқтады айтыскер ақын.

JQ-Aqparat

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр