Оқырман: «Сіздің күйеуіңіз барлық киімді киюге рұқсат бере ме? Киіміңіз күйеуіңізге ұнамай қалған жағдайда ескерту жасамайды ма?”.
«Бізде «рұқсат сұрау, тыйым салу» деген сияқты сұрақтар талқыланбайды. Екеуіміз де ақыл тоқтатқан, ересек адамбыз. Бізде де өзімізге тыйым салатын дүниелер бар. Бір-бірімізге рұқсат етпегеннен емес, сыйлағандықтан, көңілімізді қалдырғымыз келмегендіктен, әрекетке бармаймыз. Киімге, қыдыруға келгенде бір-біріміздің жұмысымызға араласпаймыз. «Не киемін?» деп күйеуімнен рұқсат сұрау туралы ой миыма да келмепті. Менің таңғаларлықтай образдарым үшін ақша тауып әлек. Мұндай дүниелерді ойлауға уақыты жоқ», – деп жауап берді.
JQ-Aqparat