jasqazaq.kz

Айсәуле Бақытбек: Адамдардың пікірін оқымайтын болдым

06 ақпан 2017, 11:17

Айсәуле Бақытбек алғаш рет ата-анасына қатысты пікір білдірді. Ол “әкесінің тағдырына бей-жай қарайды” дегендерге жауап берді. Сондай-ақ, Есентаевтардың тұңғышы анасының екінші рет тұрмыс құруына оң көзбен қарайтынын жеткізді.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды. “Шын мәнінде ел не болып жатқанын білмейді, сол себепті мені ата-анамның тағдырына бей-жай қарайды деп айыптайды. Алайда көз жасымды бүкіл елге көрсетуім керек немесе әртүрлі мұңлы хикаялар жазғанымды дұрыс деп есептемеймін. Мен адамдарды түсінбеймін. Тергеу изоляторының жанында суретке түсуім керек пе? Меніңше, ел алдында сонша “жалаңаштанудың” қажеті жоқ. Сондықтан мен адамдардың пікірін оқымайтын болдым. Артық рет өзіме лайықсыз сөздерді естігім келмейді. Оның бар себебі – олар шын мәнінде не болып жатқанын білмейді. Сол сияқты ата-анама қатысты да әртүрлі “лайықсыз” сөздер айтылады. Сол себепті ештеңеге мән бермеймін деп шештім. Өйткені уақыт өткен соң барлығы бәрібір өз қалпына келеді. Адамдар бірдеңе түсінетін шығар деп үміттенемін”, – дейді Айсәуле.

Бұдан бөлек, Айсәуле анасының екінші рет тұрмыс құруына оң көзбен қарайтынын жеткізді.

“Керемет емес пе? Өз басым қуаныштымын. Ата-анам бірге болса да, болмаса да, бастысы бақытты болса, мен әркез оған қуанамын. Ештеңеге қарамастан, олар бақытты болса мен де бақытты боламын”, – деп мәлімдеді Айсәуле.

 

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде