jasqazaq.kz

Қайрат Нұртасты туған күнімен боксшы Рой Джонс құттықтады (видео)

27 ақпан 2017, 10:00

Танымал әнші Қайрат Нұртас өткен сенбі күні 28 жасқа толды. Ол туған күніне өнердегі әріптестерін шақырып, мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Қазақ әншісін тек қана отандық өнер жұлдыздары ғана емес, әйгілі америкалық боксшы, әлем чемпионы Рой Джонс та арнайы құттықтап, оған жүрекжарды тілектерін арнады.
Туған күнге Қыдырәлі Болманов, Мейрамбек Беспаев бастаған қазақ өнерінің майталмандары келді.
Ал әншіні туған күнімен әлем чемпионы, аты аңызға айналған боксшы Рой Джонстың арнайы құттықтауы Қайраттың тыңдармандарын таң қалдырды.
«Қайрат Нұртас, сенің керемет әніңді естідім. Сенімен бірге бір күні ән айтамын деп үміттенемін. Сені туған күніңмен құттықтаймын», — деген ол әншіге өз тілектерін де жолдады.

Рой Джонстан құттықтау естіген Қайратқа тыңдармандары ақжарма тілектерін жаудырып, оған шығармашылық табыстар тіледі.

https://www.instagram.com/p/BQ-vwnAAxxG/?taken-by=kair_n

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде