
Желіде Қайрат Нұртастың інісімен бірге қытай тілінде айтқан әнінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бейнежазба Instagram желісіндегі kazak_stars парақшасында жарияланған. Автордың айтуынша, Қайрат аталған әнді сауна караокесінде айтқан.
Алайда ол әншінің інісін Серік Ибрагимовпен шатастырған. Бұл ретте желі қолданушылары оған ескерту жасады.
Тыңдармандардың басым бөлігі қытай әнінің құлаққа жағымсыз естілетінін айтып, алдағы уақытта Қайратқа мұндай әндерді айтпауға кеңес берді.
«Бұл Серік емес, Қайраттың туған інісі Заңғар», «Жетпегені осы еді, біздің өнер азаматтарына қытай әндері жараспайды», «Өз тіліміздегі әндерді осылай жанды дауыста орындаса», «Не болған қазақтар қытайдың әнін айтатын болған ба?» – деп наразылық білдірді тыңдармандар.
https://www.instagram.com/p/BPPgCjGB79N/?taken-by=kazak_stars