jasqazaq.kz

Қайрат Мәми: Өлім жазасын қайтару мәселесі әлі зерттеледі

21 қыркүйек 2016, 10:27

pervoe-rabochee-soveshchanie_0

Педофилдерді піштіру емес, өлтіру керек! Көрінген жерде жасөспірімдерді жәукемдеп кете беретіндерге өлім жазасын қайтаруды сұраған жұртқа жауап берген Жоғары сот төрағасы жақын күндері ондай өзгеріс болып қалуы мүмкін деді.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

– Өлім жазасын қайтару мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Егер өлім жазасынан қорыққаннан осындай істер азаятын болса, мен, әрине, өлім жазасын қайтаруға келісер едім. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, егер сондай қорытындыға келген жағдайда ондай өзгеріс орын алады деп ойлаймын. 

– Мораторийді алып тастау мәселесі педофилдің қолына түсіп, ақыл-есінен айырылған ақтаулық 6 жасар қыздың оқиғасынан соң қайта-қайта көтеріліп жатыр. Ондай жантүршігерлік жағдай кеше ғана Жезқазғанда да қайталана жаздады. Сұрақтарды қарша боратқан жұрт Қайрат Мәмиге қара қылды ақшаға жарып жүрген әріптестеріне қатысты да шағымданды. Төрелікті тиынға сатып, өзін төмен қаратқан судьялардың барын мойындаған Мәми ондайларды тіке өзіне айтуды сұрады. Бас судья соларға ашуланамын деп, әріптестерінің қателігін де айтып қалды. Мәселен, атышулы «Әліби ісін» қараған қазы қателесіп, тоқалға таласқан Қайрат Жамалиевтің бар мүлкін мемлекет есебіне тартып алыпты. Кейін іс қайта қаралып, тең жартысы кәсіпкердің келіншегіне қайтарылған.

 

КТК

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде