jasqazaq.kz

Айнұр Тұрсынбаева: Қазақ ақшасыз жүруден дым қорықпайды, жұмыссыздықтан өлердей қорқады

26 сәуiр 2023, 10:33

Белгілі ақын, рухани психолог Айнұр Тұрсынбаева өзгерістен қорқатын жандарға арнап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«20-30 жыл бойы өзгеріссіз өмір сүретін адамдар бар. Біз оларды жалқау, алдыға ұмтылмайды деп жазғырамыз. Ол шындығында жалқаулықтан емес. Жастайынан «тыныш жүр, бірдеңеге ұрынасың» деген сөзді көп естіген бала бір орынды тыныш отырғаным дұрыс қой деп шешім қабылдап алады. Немесе кішкентай кезінде баламыз біреуден таяқ жеп келсе қорғаудың орнына «өзің кінәлісің» деп бас саламыз. Бұл байқұс бала өскеннен кейін де кімнен таяқ жесе де өзім кінәлімін, бәрібір мені қорғайтын ешкім жоқ таяқ жеп жүре береді. Ақшаға байланысты қорқынышпен көп адам келеді. Бейсаналы түрде «ақша деген жаман, алаяқтар ғана табады, ақша тапсаң бірдеңеге ұрынасың» деген қағидамен өскендер… Қазақ ақшасыз жүруден дым қорықпайды. Жұмыссыздықтан өлердей қорқады. Ол жұмыс ұнай ма, ұнамай ма, айлығы аз ба, көп пе шаруамыз жоқ. Әйтеуір жұмыста жүрсе болды. Қазір кез келген бағдарламаны өзгертуге болатынын қарапайым қыздардың өзі біліп алды. Ештеңеден, ешкімнен қорықпаңыздар! Өзгерістен қорықпаңыздар! Өзгермей тұрып қалудан қорқатын заман», — деп жазды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі