jasqazaq.kz

Айналасындағыларға қауіп төндірді: Шерзат Болаттың әкесі полиция бөліміне жеткізілді

10 желтоқсан 2024, 18:42

Сурет: Әлеуметтік желіден

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында Шерзаттың ағасын жерлеу кезінде оқыс оқиға орын алды. Қаржаубай Нұрымов айналасындағыларға қауіп төндіріп, полицияға пышақ ала жүгірді.

Алматы облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мынадай түсінік берді:

«Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ең аз қажеттілік күшпен құрақталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», —  делінген Алматы облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады.

Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі