jasqazaq.kz

Айнала жүріп сүйіскені дұрыс емес». Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі ауызашардағы әдеп туралы айтты

18 наурыз 2025, 16:20

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова ауызашарға келгендердің амандасуы туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оның пікірінше, отырған адамдармен сүйісіп не қол алысып амандасқан дұрыс емес.

Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында: «Амандасу қалай болып жатыр қазір? Қасиетті рамазан айында достармен, туыстармен, сыйлас жандармен ауызашарда күнде бас қосып мәре-сәре болып жатырмыз. Оразаға тұспа-тұс келген жеке мерекелер де жетерлік. Шүкір, тәубе үй шаруашылығына да, жұмысыма да сондай-ақ, сыйлап шақырып жатқан қонақтықтарға да барып үлгеріп жатырмын.

Айтайын дегенім, шақырылған қонақтардың көп бөлігі уақытылы келеді ғой. Дастархан басына жайғасып әдемі әңгімелерін айтып, хал-жағдай сұрасып алады. Ал, енді әртүрлі себептермен кешігіп келген қонақ уақытылы келіп ет жеп отырған қонақтардың үстінен келеді де, бәрін айнала жүріп сүйіп амандасқаны немесе қол алысқаны дұрыс емес деп айтар едім. Тамақтанып отырған қонаққа да, үй иесіне де ыңғайсыздық тудырып жайғасқан қонақтарды бір отырғызып, бір тұрғызатыны бір ретсіз. Кешігіп келді ме, ишара жасап амандасып, бос орынға отыра қалғаны дұрыс болады. Ас ішіп дастархан басында отырған кісілермен қол алысып, сүйісіп амандасып қажет емес. Үзіліс болғанда да құшақтасып амандық сұрасуға болады. Ал оған дейін мәдениетті түрде бас иіп қана амандық білдірсе жетіп жатыр.

Ал жалпы, құрметтеп шақырған дастархан басына кешікпей келсек, тіпті керемет болар еді», — деп жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі