jasqazaq.kz

«Айканың тізімі»: Жеңгетайлықпен айналысқан бикеш 6,5 жылға сотталды

21 мамыр 2024, 13:49

Алматыда сот атышулы Айканы жеңгейтайлық пен психотроптық затты заңсыз иемденгені үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырды. Жабық режимдегі отырысты Алматы қаласының Әуезов аудандық соты қарады.

Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы), Т. -ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1-т.).

Сондай-ақ М. 2020-2023 жж. материалдық пайда алу мақсатында пайдакүнемдік мақсатта бір топ адамдар Т.-мен бірлесіп, қыздарға ақшалай өтемақы үшін интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған. М.-ның осы қызметтерден жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы пайыз алғаны анықталды.

Жаза тағайындау кезінде сот М.-ның жасаған ісіне өкінетінін, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескенін, жас баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. М-ны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Соттың шешімі

Жаза тағайындау кезінде сот М.-ның жасаған ісіне өкінетінін, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескенін, жас баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. М-ны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Т.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

М. ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды.

Т. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай түрінде жаза тағайындалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі