jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: Ұлымнан жиі кешірім сұраймын

27 сәуiр 2023, 14:36

Отандық әнші Айгүл Иманбаева алғаш рет ұлымен арада болатын келіспеушіліктер жайлы айтты. Отандық бағдарламаға келген әнші ұлынан жиі кешірім сұрайтынын баяндап, жан сырын ақтарды.

«Баламмен арада келіспеушіліктер болады. Ол да менің басымдағы дүниелерге байланысты екен. Оның да бойындағы өкпе-назы жетеді, маған да, әкесіне де. Ол балада да бір кем дүние бар ғой. Бұрын айтқанда қабылдамағанмын. Өтірік айтпай-ақ қояйын, осыдан бір ай бұрын Алматыдағы концерттен кейін балам айтты. Екеуіміз шығармашылық адам болғаннан кейін құжатқа қатысты жұмысты мен түсіндіре алмаймын. Жете түсінбейтін бала емес. Жасы 25-те болса да, 60 жастағы шалдыкі сияқты. Жаңағы нәрсені мен түсіндіре алмаймын. «Анашым, сен қалай түсінбейсің? Ертең ол бітеді, өткізу керек» деп айтып жатыр. Мен қатты нұқып айтқанымда, «Анашым, мен тәрбиелейтін жастан өтіп кеттім. Тәрбиелесең, неге мені кішкентай кезімде тәрбиелемедің» деп, бала кезде жанында көп болмағанымды айтып салды. Мен қабылдадым. Мен баламнан жиі кешірім сұрап тұрамын. Кешірім сұрасам, шошып кетеді. «Анашым қойшы, менің саған алғыстан басқа айтарым жоқ» деп алғысын айтады. Алғысын айтып тұрады. Мен «Жаныңда болмағаныма кешірші» деп айтып отырамын. Бірақ, онда әлі құлазыған эмоция бар», — деді Айгүл Иманбаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі