
«Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түскен әнші Айгүл Иманбаева Лондоннан сүйіктісімен келетінін айтты. Отандық бағдарламада өнер иесі елге оралғасын «Біз» деп аталатын концерт қоятынын мәлім етті. “Осыдан сегіз жыл бұрын берген концертім «Сен ғана…» деп аталды. Жақында Алматыда өткен концертім «Мен…» болса, енді Лондоннан күйеуіммен қайтып оралғанда, «Біз» деген концерт беремін. Барлығын болған кездей айтқан дұрыс шығар», — деді Айгүл Иманбаева.
JQ-Aqparat