jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: Келін тәрбиелеймін деп алыспаңыздар!

28 тамыз 2024, 16:15

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде енелерге кеңес берді. Өнер иесі келін түсіріп, немерелі болғанын сүйіншілеген еді.

“Мен сахнада бетімді бояп, жылтырап, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса менің енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде қасында отырып, бесік жырын айтып отырмын деп айта алмаймын. Өйткені менің ұстаздығым, өнерім, басшылығым бөлек. Бір басымда 1040 жұмысым бар. Соған байланысты қасында күнде отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен де үйге келгенде немеренің иісін сезіну, қылығының тәттілігін көру бір бөлек. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – деді өнер иесі.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы келін мен ене тақырыбын қозғап, үндеу жасады.

“Ең бақытты сәт осы емес пе?! Әр анаға әже бақыты бұйырсын. Келін тәрбиелеймін, немере тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн. Өзіңді тәрбиелеңіз. Келін сол көргенді істейді. Немере де сондай. Жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың болса соны немере де бойына сіңіреді. Бар болғаны махаббатыңызды аямай беру керек», – деді эстрада жұлдызы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі