jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева енесін көрсетіп, отбасылық өмірі туралы айтты (Видео)

15 қараша 2024, 11:24

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіге енесімен бірге түскен видеосын жариялады. Актрисаның енесі де өнерден алыс жан емес екен, жас кезінде танымал топта өнер көрсетіпті.

«Кеш жарық достар! Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын.
Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам (енем) 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76-да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен. Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы «Айгүл» ансамблінде әнші болғандығы кездейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін», — деп жазады әнші Айгүл Иманбаева.

Өнер иесі енесімен түсірілімге келгенін жазды.

«Ал бүгін менде «Хабар» арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды «Абай» арнасы «Айгүл» ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертең екеуіміз де әртіс болып, айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды.
Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді.
Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң, ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады. Видеодан кейін енемнің «Айгүл» ансамблінде ән айтып тұрған сәтінен бір фото», — дейді әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@aigul_imanbayeva)

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі