jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: Ажырасқан әйел ішпей-жемей жүргішке айналады…

23 шiлде 2024, 11:58

Танымал актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде ажырасқан әйелдер, олардың жан жарасы жайлы сөз қозғады.

«Кейде маған қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты көрініп тұрады. Себебі жылғызбасты әйел өз орнын, еншісін қолымен жұлып алғандай алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір «Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ» деген сұрақ көп. Жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине, ол қатарда мен де бармын”, – деп бастады әңгімесін өнер иесі.

Сондай-ақ өзі де сол топқа жататынын жасырмай, жалғызбасты әйел болудың қиындығын айтып берді.

“Жалғызбасты әйелдердің қатарында мен де бармын. Себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Автоматты түрде сені солай жатқызады. Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады. «Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ма?..» деген көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді. Жараланған, жалғызбастымын деген қалыпқа кіре бастайды. …Жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың, бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек. Былай айтқанда, әйелдік нәзік энергияңды еркек энергиясына айырбастауға тура келеді. Сіздер осыған келісесіздер ме?», – деді актриса.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі