jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: 40 жылдан кейін әкесімен табысты

10 шiлде 2023, 11:34

Отандық бағдарламаға әнші Айгүл Иманбаева «Кешір, әке-ана» әнін орындап әкесінен кешірім сұрады.

Ата-анасына жүрегіндегі сөздерін ақтарды. «Өмірім де өнерім де көз алдарыңызда ғой. Өнердегі жеткен жетістігім, бағындырған биігім де аз емес деп ойлаймын. Бірақ, бір жақ қанатымның орны үнемі үңірейіп түратын. Сол ұуысты қайсарлығыммен жабуға тырысатынмын. Ол қуыс менің әкемнің орны еді», — деді өнер иесі. Әнші, актриса уақыт өте келе, ой-санасы кемелденген сайын әкесін іздегенін атап өтті. «Жасыратын несі бар. Балалықпен әкеме талай қатты сөздер айттым. Соның бәрінен әкеме деген сағынышым биік тұрды. Өзімнің ішімдегі өзім өсіріп, семіртіп алған өкпе-реніш тәкаппарлық дегеннің барлығын жиып тастап, әкемді іздеп барып кешірім сұрадым. 6 сағат бойы жыладық, қауыштық, табыстық. Мен ішімдегі кішкентай Айгүлмен табыстым. Мен өзімді сол күні қауырсыннан да жеп-жеңіл сезіндім», — деп ағынан жарылды актриса. Өнер иесі кешірімді сезінудің өзі бақыт екенін айтып, 40 жыл араға салып, әкесінің жеке концертіне келгенін айтты. Әнші әкесінен орнынан тұруын сұрап, тағы бір мәрте ел алдында одан кешірім сұрады. «Әке ана сіздер мені кешіріңіздерші. Сіздер — менің биікке самғар қос қанатымсыздар. Мен сіздерді 62 тамырыммен, бар болмысыммен жақсы көремін»,- деп аяқтады сөзін өнер иесі. Жеке концертінде ата-анасына арнап Айгүл Иманбаева «Кешір, әке-ана» әнін орындады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде