jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева сәбилі болуға дайындалып жүр ме?

30 қыркүйек 2024, 14:16

Жақында тұрмыс құрған әнші Айгүл Иманбаева денсаулығына байланысты шетелге ұшып кетті. Өнер иесі емханада құрсағын тексертіп жатқан видеосын Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды.

«Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Анама да бұл жер ұнады. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up», – деген әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойды.

“Балалы болуға дайынмын. Биылғы жылдың жоспарында емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік. Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Биылғы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік”, – деп тамыз айында «Мамский әңгіме» подкастында айтқан болатын.

JQ-Aqparat

Сурет: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі