jasqazaq.kz

Әйелін ұрғандар 10 тәулікке қамалады

26 сәуiр 2023, 14:24

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.

Бұдан былай тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу арыздану сипатынан анықтау сипатына көшеді.

«Тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне не денсаулығына қауіп төнгенде полиция шақырады. Ал қызметкерлер келген кезде агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Өткен жылы 70 мыңнан астам осындай жағдай тіркелді. Көбінесе полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал әрі қарай жалғасып, арты насырға шабады. Ұсынылған түзетулер зардап шегушінің арызынсыз-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары немесе бейнебақылау камераларының жазбалары жеткілікті болады. Ал соңғы шешімді сот қабылдайды», деді Ренат Зұлқайыров.

Сондай-ақ тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі болмайды. Өтініш берілген жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады.

«Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту беріледі немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады. Жағдай қайталанса, онда 10 дейін тәулікке қамалуы мүмкін. Ұрғаны үшін 10 тәулікке, қайталаса 20 тәулікке дейін қамалады. Денеге жеңіл жарақат келтіргені үшін 15 тәулікке дейін, ал қайталап жасағаны үшін 25 тәулікке қамауға алынады. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту алынып тасталды, енді тек 10 тәулікке (5 тәулікке) қамауға алу қарастырылған», — деді ол.

Ренат Зұлқайыров сипаттаған құқық бұзушының портреті мынадай:
Көбіне ер адам (80%)
30 жастан 50 жасқа дейінгі ер адамдар (52%)
Тұрақты жұмыс орны жоқ (74%)
Кәсіптік және жоғары білімі жоқ (90%).
Зардап шегетіндер негізінен әйелдер (78%). Олар «агрессорға» қаржылық және психологиялық жағынан тәуелді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі