jasqazaq.kz

Әйелі мен енесін таяғы сынғанша ұрған: Қаскелеңде ер адамның жауыз әрекеті видеоға түсіп қалды (Видео)

27 қантар, 11:36

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында адам шошырлық оқиға болды. Ер адам әйелі мен енесі тұратын үйге келіп, екеуін де өлімші етіп сабап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел адамның сөзіне сүйенсек, күйеуімен қазір ажырасу үстінде жүр. Ал ұрып-соғып кету ол үшін қалыпты жағдайға айналған. Белгілі болғандай, бұл жолы күректің сабымен анасы екеуін соққының астына алған. Адам шошырлық оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеоға назар аударсақ, ер адам қолындағы таяғымен қақпадан кіріп, әйелін бірнеше мәрте ұрғанын, соққының қатты болғаны соншалық, ағаштың бір бөлігі сынып кеткенін байқауға болады. Ер адам оларға араша түспек болған келіншектің анасын да сол таяқпен бірнеше рет ұрады. Артынша аулада тұрған көліктің терезелерін шағып, жүргізуге жарамсыз етіп кетті.

«Ол мені кезекті рет ұрып-соқты. Көлігімді де бүлдірді. Соққыдан қолым сынып кеткендей. Күректің сабымен аяғымды, арқамды оңдырмай ұрды. Анамды да соққыға жықты. Үйіміздің терезесін шағып тастады. Сол қолымды мүлдем сезбей тұрмын. Бет-аузым қан-қан. Әпкемді де ұрып тастады. Бұл қаншалықты жалғаса бермек?! Балаларымыз себеп болады. Оларды алып кеткен сайын ұрып-соғады. Полицияны шақырып қойдым. Қазір күтіп отырмын. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Прокуратураға да арыз жазамын», – деп әйел адам көз жасын ұстай алмай, болған жағдайды баяндап берді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті