jasqazaq.kz

Әйелді тонаған қарақшы құрықталды (Видео)

17 мамыр 2023, 15:01

Орал қаласында жол жиегінде кетіп бара жатқан әйел адамды тонаған қарақшы құрықталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңғы мезгілде «Омега» зауыты ауданындағы автожол көпірінің астынан қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасаған.
Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны күштеп жығып, алтын сырға, сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған. Келтірген залал көлемі – 550 мың теңге. «Әйел адам полицияға жүгініп, жедел іздестіру іс-шаралары бірден жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған ер адамды көрсетті. Күдікті дереу құрықталды. Оның бұрын қылмыстыққа жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігіне (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от PoliceWestKz (@policebqo)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі