Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды

19 ақпан 2021, 17:20

«Бүгінде барлық үйдің төрінде теледидар тұр. Телеарна – идеология құралы дейміз. Отыз жыл төрімізде тұрған теледидардан «Әзіл әлемі», «Ән мен әнші» сынды бағдарламалар әлі де көрсетіліп келеді. Сол бағдарламаны көріп өскен бала 1990 жылғы болса, ол отыз жасқа толды. Алдының 1-2 баласы бар. Екіншіден, бізде биліктегілердің көбі орыс тілді. Экономиканың негізгі тетіктерін ұстап отырған зауыт фабрикалардың басшылары орыс тілді. Қарапайым ғана мысал Өскемендегі мырыш зауыты. Түсті металлургия сынды зауыттардың 99 пайызы орыс тілді. Экономиканың кілті орыс тілділерде. Бұл жазылмаған заң ба, білмеймін. Шынымен де, орыс тілін білмесең, майлы, жалақысы жоғары жұмысқа орналаса алмайсың. Ол рас. Мәжбүрлі түрде орыс тілін білуге міндеттіміз. Тұрғындардың 45 пайызы ауылда тұрады. Олар жұмыс іздеп қалаға ағылады. Нан тауып жеу үшін орыс тілін үйренеді. Тіл мәселесін реттейтін қоғам емес, халық емес, ол – мемлекет. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде көтеру керек. Балабақшаны қазақшалау, мектептерде қазақ тілінің мәртебесін көтеру сынды жұмыстармен айналысуы керек. Орыс тілін тек шеттен келгендер үйренсін. Қазақ тілділердің құқығы бүгінге дейін бұзылып келе жатыр. Мен жергілікті халықты айтып отырмын. Ал елге келген 1 миллион оралман ше? Мен Моңғолиядан келген бір жігітпен кездестім. Елге келген кезде 3 жаста болған екен. Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауылына көшіп келген. Ауылда қазақ болса да орысша сөйлегеннен, орыс тілін меңгеріп алған. Қазақ тілді аудиторияның экономикалық, саяси ақпараттарды тыңдауына мүмкіндігі жоқ. Алаш қайраткерлері туралы жазған мақаламды Фейсбук желісіне салсам, оны 50 адам ғана оқиды. Ал бір жұлдыз туралы шулатып жазсам, оның оқырманы көп. Өйткені оқырманның санасы сол деңгейде. Олар саясатқа араласқысы келмейді. 18-35 жастағы жастардың үлесі – 45 пайыз. Олар осылай тәрбиеленіп келеді. Қай сайт қандай ақпарат бергісі келеді, ол өз еркі. Сондықтан қазір біз мемлекеттің қалыптасу жолындамыз. Бұл кезеңді желшешек деп қабылдап, жеңіл-желпі әзілді уақытша бір құбылыс деп қабылдап, бұдан да өтіп кетуіміз керек. Химияда бір процесті жылдамдататын «катализатор» деген ұғым бар. Соны мемлекет тезірек қолға алуы керек. Түріктер «Сұлтан Сүлеймен», «Ер Тұғырыл» деген идеологиялық фильмдерін шығарып жатыр. Ал біз әлі жоқ жоңғарлармен соғысып жүрміз».

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 11:30
Әлішер Сатыбалдиев: Индустриалды аймақ Алматы экономикасына серпін береді
27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр