jasqazaq.kz

Айдархан Құсайынов: Экономика дағдарыстан әлі шықпады

18 қыркүйек 2016, 18:56

Үкіметте аса бір өзгеріс болмады. Иманғали Тасмағамбетовтің үкімет басшысының орынбасары болып келуі айтарлықтай жаңалық болды. Оның әлеуметтік саланы басқаратыны да белгілі.

Сәйкесінше үкімет сол салаға баса көңіл аударып жұмыс істейтін болады. Себебі И.Тасмағамбетовтің идеологиялық жұмысты қалай алып жүретіні баршамызға белгілі. Бұл қызметке оның тағайындалуы шынтуайтында жұмыс істейтін кез келді дегенді білдіреді. Бұл ауыс түйіске қатысты айтарым. Ал экономикалық жағдайға тоқталар болсам, аса ештеңе болмайды. Экономикалық саясат өзгереді деп күткен едім. Себебі осы жылдың ақпан айында Ерболат Досаев (бұрынғы ұлттық экономика министрі) «жаңа экономикалық стратегия қабылданады»,- деп айтқан. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Енді ол болмайтын сияқты. Үкімет қыста өзгерткісі келген, қазір сол қалпында қала берсін деген болу керек. Жуырда ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жалпы ішкі өнім өсімі 0,5 пайыз болғанын айтты. Мүмкін дағдарыстан шығып жатырмыз деген қуанышты хабары шығар. Алайда экономика әлі дағдарыстан шыққан жоқ. Одан шығу үшін жаңа экономикалық стратегияны қабылдау керек еді. Мемлекеттік бағдарламаларды қайта қарастырып, ұлттық компанияларды жаңдан құру қажет. Негізгі идея да басқа болғаны абзал. Сол себептен жаңа стратегия қабылданады деп үміттендім.

Дайындаған Елдос Өмірзақұлы

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді