jasqazaq.kz

Айдарбек Сапаров: Қазақстан бидай тұқымын шетелден тасымалдауды азайтады

24 қараша 2023, 15:07

ФОТО PRIMEMINISTER.KZ


Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бидайдың отандық сұрыптарына қатысты түсінік берді. Сенатта аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрге бидайдың жаңа сұрыптарын өндіру мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.
«Бидай бойынша тұқыммен өзімізді 60 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Ал 40 пайызын шетелден жеткізіп жатырмыз. Бұл тұрғыда осы көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарын белгіледік», — деді А. Сапаров.
Бұл тұрғыда ол елімізде біраз жаңа бидай сұрыптарын өндіру керек екенін айтты.
«Былтыр 40 сорт шығырылып, соның 20-сы ғана сынақтан өткен. Ал қалған 20-сы бірінші деңгейдегі сынақпен қамтылды. Ары қарай шарушылықтарға жеткізгеннен кейін оның өнімділігін көреміз. Өнімі жақсы болса, сұраныс көбейсе, жаңа сұрыптарды ары қарай өндіре бастаймыз», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі