jasqazaq.kz

Айдарбек Сапаров: Ешкім қолдаусыз қалмайды

22 қыркүйек 2023, 14:08


Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына келіп, агроқұрылымдардың басшыларымен кездесіп, оларды қызықтырған барлық сұраққа жауап берді, деп хабарлайды аталған министрліктің баспасөз қызметі.
Биылғы жылы аймақтың егістіктері қатты жаңбырдан зардап шекті. Қолайсыз ауа райына байланысты жаңа дақылдың астық сапасы нашарлады. Облыстағы негізгі көлем сыныпсыз бидай болып табылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ешкім қолдаусыз қалмайтынын айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Үкімет оның салдарын азайту үшін ұсынылған шараларды қолдады. «Бәйтерек» ҰБХ айыппұл санкцияларын қолданбай қарыздарды ұзарту мәселесін шешті. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қосымша қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қостанай облысына тағы 16,9 млрд теңге қажет», — деді Айдарбек Сапаров.
Министр өңір астықты кептіру үшін қосымша 11 мың тонна арзандатылған жанармай алатынын айтты. Оның құны литріне 250 теңгеден аспайды. Облыс бойынша элеваторлар тәулік бойы істеуге ауыстырлған, 318 астық кептіргіш жұмыс істейді.
Азық-түлік корпорациясымен келісімшарт жасалған астығын қайтару мәселесі фермерлерді алаңдатады.
«Қазір астық нарығының жай-күйіне талдау жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың әділ бағасын жариялайды. Компания тұқым қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және нан өндіру үшін арзандатылған астықты жеткізу кестесін қайта қарайды», — деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Айдарбек Сапаров облыстың әртүрлі аудандарындағы бірнеше агроқұрылымдардың алқаптарын аралап, астық қабылдау кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Қостанай облысында биылғы жылы 21 қыркүйектегі жедел деректер бойынша 4,3 млн га астық егілді, жалпы егіс алқабының 32%-ы жиналды, 1,3 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділік әзірге 9,2 ц/га құрайды.
Сонымен бірге аймақ жем-шөп жинау жоспарын асыра орындады. Фермерлер 1,1 млн тонна пішен, 160 мың тонна пішендеме және 30 мың тонна сүрлем жинады.
Биыл алғаш рет фермерлер жем дайындау үшін 58 мың тонна жеңілдікті дизель отынын алды. Оның 6,3 мың тоннасы Қостанай облысына жіберілді.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры