jasqazaq.kz

Айдалада — жарылғыш зат

06 сәуiр 2023, 10:08

Ақмола тұрғыны ен далада танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тауып алды.

Polisia.kz жазғандай, Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні тапқан. Оның айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен ол шамамен 50 см тереңдіктен алып шығып, бірден полицияға хабарлаған. Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.
Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні анықталған.
Полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар таппаған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты