jasqazaq.kz

Айбек Смадияров: «Қытай азаматтары қаптайды» деген пікір шындыққа жанаспайды

15 мамыр 2023, 20:48

 

 

 

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ-та  «Визасыз режим Қытай азаматтарының елімізге қаптап келуіне әкеп соғады» дейтін пікірге қатысты еліміздің ұстанымын жеткізді. Ол Фейсбуктағы өзінің парақшасында мұндай сөздің көпе-көрнеу бұрмалау екенін және шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Осыдан бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған апта сайынғы брифингімде біздің мемлекет Қытаймен өзара визасыз режим туралы келісімге қол қою үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын жариялаған едім.

Бұл келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, азаматтар арасындағы байланыстарға, сауда саттықты кеңейтуге айтарлықтай қолдау болатыны сөзсіз. Оны барлығымыз түсініп отырмыз. Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан үшін неғұрлым көп елдермен тығыз қатынас орнату ұтымды екеніне күмән жоқ. Өздеріңіз білетіндей, біз сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты таңдап, осы күнге дейін оны табысты жүзеге асырып келеміз.

Алайда әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасты жаңа деңгейге шығаратын құжатқа қол қоюға қарсы бір топ белсенді қалың жұртшылыққа қате ақпаратты таратып жатыр. Осыған орай, Сыртқы істер министрлігінің атынан жоғарыда айтылған келісімге қатысты қысқаша тағы да қосымша ақпарат берейін.

***Бұл келісімге қол қойсақ, Қытай азаматтары елімізге қаптап кіреді деген пікір шындыққа жанаспайды. Себебі былтыр шілде айынан бастап Қазақстан Иран, Үндістан және Қытайдың азаматтарына елімізге 14 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат берген. Өздеріңіз көріп отырғандай, аталған елдердің, әсіресе Қытай азаматтарының біздің көшелерде қаптап жүргенін көріп отырған жоқпыз. Бұл шара республикамыздың инвестициялық климатын және туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ іскерлік байланыстарды дамыту үшін жасалған. Экономикалық тұрғыдан бұл бастама өзінің оң нәтижесін беруде

***Еліміз бен Қытай арасындағы визасыз режим, ең алдымен, Қазақстан азаматтарының көрші мемлекетке баруына барынша қолайлы жағдай тудырады. Егер бұрын тек Қытай азаматтары бізге визасыз 14 күнге кіре алатын болса, бұл келісімнен кейін олар да, біз де бір бірімізге 30 күнге дейін визасыз бара алатын боламыз. Мысалы, Қазақстан азаматтары бүгінде визасыз, лезде Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қыдырып барып қайтып жатыр. Енді дәл солай Қытайға да бір ғана паспортпен барып келуге болады.

***Визасыз Қазақстанға келген Қытай азаматтары елімізде қалып қояды, жұмыс орындарымызды тартып алады деген пікірлер жаңсақ. Өйткені визасыз режим тек туристік және іскерлік сапарларға арналады және жұмыс істеуге рұқсат бермейді. Қызмет етуге бөлек арнайы жұмыс визасын алдын ала рәсімдеу қажет.

***Бұрын Қытайға бару үшін визаны ашу, консулдық алымды төлеу, ұзақ кезекте тұру (кейде 2-3 айға дейін), виза рәсімдейтін арнайы компаниялардың қызметіне қомақты ақша төлеу керек еді. Ал визасыз режим енгізілгеннен кейін бұл шаралардың ешбірі қажет болмайды.

***Визасыз режим қай елде болсын шетелден келетін туристердің санын арттыруға бағытталған. Бұл экономикаға оң әсер етеді, өйткені елге келген турист міндетті түрде қонақ үйде тұрады, кафе мен мейрамханаларда тамақтанады, көлік қолданады, жалпы айтқанда елде біраз ақша жұмсайды. Ал қытайлық туристер әлемде қалталы туристер санына жатады.

Қорыта келгенде, визасыз режимнен қауіп жоқ. Біз бұдан пайда көрмесек, ұтылмайтынымыз анық. Әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытаймен өзара тиімді саясатты жүргізу еліміздің ұлттық мүддесіне толық сай келеді».
JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата