jasqazaq.kz

AIF23: Өзбекстан Премьер-Министрі экологиялық мәселелерді шешуге шақырды

08 маусым 2023, 15:39

Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов шетелдік инвесторларды Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерді шешуге шақырды.

«Осы алаңды пайдалана отырып, халықаралық серіктестер мен инвесторлардың назарын Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге аударғым келеді. Бұл орайда Арал апатының салдарын ескеру маңызды. Орталық Азия елдерінің өзге де әлем мемлекеттерімен арадағы сауда-саттық көлемін кеңейтуге бағытталған қолдау шаралары да күн тәртібінде. Одан бөлек, инвесторлармен бірлесіп ауыл шаруашылығы және көлік-логистикалық салаларын дамытуға мүдделіміз», — деді Абдулла Арипов.

Ол өз сөзінде 2030 жылға дейін Өзбекстан жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім көлемі орта деңгейден жоғары елдер санатына енуді мақсат еткенін айтты. Ол үшін Орталық Азия елдерімен бірлесіп тауар айналымын арттыру, аймақта бар пайдалы қазба ресурстарының қорын тиімді қолдану тетіктері пысықталады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі