jasqazaq.kz

Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

28 қыркүйек 2023, 17:48

Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай қызметі «қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін» қалыптастыруға, билік пен азаматтардың өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтай жиынында Президент «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуы» қажет деген.

Қоғамда отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруы тиіс. Елімізде белсенді сарапшылардың Ұлттық құрылтай құрамына енуі қоғамның еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтті және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік жасады.

Кездесуде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, елдің бірлігі мен тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтарды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Аида Балаева Мемлекет басшысының Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында мәдени мұраны сақтау және зерделеу, елдің өзіндік ерекшелігін көрсететін және ұлттық мүдделерге сәйкес келетін кітаптардың шығарылымын ұлғайту мәселелері бойынша ақпарат берді.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі