jasqazaq.kz

Аида Балаева: Ұлттық құндылықтарды сақтауда отбасының атқарар рөлі зор

13 наурыз 2025, 16:13

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында өткен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясында отбасылық құндылықтар ұдайы назарда болатынын атап өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Министр: «Отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Отбасы – қоғамның тірегі, мемлекеттің іргетасы. Ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтауда отбасының атқарар рөлі зор. Сондықтан мемлекет отбасы институтын нығайтуға ерекше мән береді», — деді.
Өткен жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Заңға сәйкес, мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіреді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырып отыр.

Аида Балаева: «Бүгінде отбасыларға әртүрлі өмірлік жағдайларды шешуде жан-жақты қолдау шараларын көрсету үшін 103 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Олардың негізгі функциясы – мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру. Қазіргі кезде ақпараттық-түсіндіру жұмысын арттыру үшін 2025 жылға арналған Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу жөніндегі медиажоспар әзірленіп, бекітілді», — деді.

Ақпараттық жұмысқа отбасылық саясат саласындағы сарапшылар, психологтар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.
«Отбасылық өмірге дайындық, отбасылық құндылықтар, әке мен ананың рөлі, балаларды тәрбиелеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және репродуктивті денсаулық тақырыптары басты назарда болады. Сондай-ақ 2023 жылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында екі жаңа мереке – Аналар күні мен Әкелер күні бекітілгенін де атап өткім келед», — деді министр.

JQ-Aqparat

Фото: kazpravda.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі