jasqazaq.kz

Аида Балаева: «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты — дарынды жастардың табандылығы үшін берілетін марапат

20 желтоқсан 2023, 20:21


Бүгін Астанада бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жобаның авторына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды.

Мемлекет басшысы 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жас қазақстандықтардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында тағайындаған болатын. Грант аясында 63 адам өз жобасын елімізде ғана емес, шетелде де түрлі салаларда табысты жүзеге асыруда.
Мәдениет және ақпарат министрі  Аида Балаева салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дамуына, оларға  жаңа және ауқымды мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөледі. Бар үмітіміз — еңбек пен білімнің жолымен жүретін, адамдық қадір-қасиеттің мәнін терең түсінетін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін жастарда. Бүгінгі берілген грант — сіздердің табандылығыңыз бен талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен адалдығыңыздың, қоғам үшін маңыздылығыңыз бен өз әлеуетіңізді мойындауыңыздың сыйы»,- деді Аида Балаева. Министр үздік жобалардың 30 авторына 3 миллион теңгеден грант сыйлығын тапсырды.

Айта кетейік, биыл конкурсқа қатысу үшін 5 бағыт бойынша 3000-нан астам өтінім түсті. Олардың қатарында Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық, мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге, IT саладағы ғылыми зерттеулерді, стартаптар мен жобаларды, экономиканың негізгі секторларындағы креативті бизнес идеяларды іске асыруға бағытталған жобалар бар.

JQ-Aqparat

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде