jasqazaq.kz

Аида Балаева: Отандастарымыздың 93 пайыздан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген

26 желтоқсан 2023, 13:37

Биыл мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттауда 7 мыңға жуық материал жарияланды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
Үстіміздегі жылы министрлік мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 638 сериядан тұратын 43 сериал шығарған. Олардың ішінде «Хабар» Агенттігі» – 190 сериядан тұратын 12 сериал ұсынды. Ал «Қазақстан» РТРК» АҚ – 198 сериядан тұратын сериал түсірді.
«Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында коммерциялық емес телеарналар 150 сериядан тұратын 20 сериал шығарды. Оның ішінде есірткі тарату туралы және отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыптардағы сериалдар үлкен рейтингке ие болды», — деді Аида Балаева.
Сонымен бірге телерадио хабарлары саласын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.
«Биыл шекаралас аудандарда отандық радиохабар тарату желісін дамыту бойынша 38 желілік бөлу бойынша конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында цифрлық эфирлік телехабар таратудың 11 радиотелевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Жалпы отандастарымыздың 93 пайыздан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш одан әрі артадыы, — деді Аида Балаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі