jasqazaq.kz

Аида Балаева: Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық доктрина» ақпараттық егемендікті одан әрі нығайтуға бағытталған

26 желтоқсан 2023, 16:00

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздің медиа инфрақұрылымын жетілдірудегі негізгі қадамдар туралы айтты.
«Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен сөз бостандығын одан әрі қамтамасыз етуге, отандық медиасфераның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ақпараттық егемендікті нығайтуға бағытталған «Ақпараттық доктрина» бекітілді. Доктринадан туындайтын аса маңызды заң жобаларының бірі «Масс-медиа туралы» заң жобасы. Бұл заң жобасын министрлік масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірледі», — деп атап өтті Аида Балаева.
Талқылау барысында Парламент Мәжілісінде 114 түзету енгізілді, оның 64-і қабылданды, ал 10-ы пысықталуда.
30 қарашада заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырыстарында талқылау жұмыстары жалғасуда.
Министр журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып әзірленген баспасөз картасы ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатынын атап өтті.
«Баспасөз картасының ұғымына, беру критерийлеріне, өтіліне, біліміне келетін болсақ, жалпы жұмыс топтарында талқылау қорытындысы бойынша олар қайта қаралып, алынып тасталатын болады. Енді аккредиттеуді оңайлату жөніндегі тәсіл қандай нысанда іске асырылатынын бекіту мерзімінен бұрын, ол жұмыс тобының отырысы барысында қалыптастырылатын болады. Бұл нормалар мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталады. Екінші тыңдауға дейін барлық түзетулер бойынша шешімдер қабылданады», — деді А. Балаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі