jasqazaq.kz

Аида Балаева «Қазақфильмнің» қазіргі жағдайына қатысты түсінік берді

17 қантар 2024, 16:09

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Instagram парақшасында «Қазақфильмнің» қазіргі жағдайы туралы видео-үндеу жариялады. Министрдің айтуынша, киностудияның қазіргі жағдайы мүшкіл.

«Өкінішке қарай, киностудия өз қызметкерлеріне жалақы жағынан қарыз, сондай-ақ қаржы, әкімшілік, шаруашылық-инфрақұрылым жағынан түйткілдер бар. Заң тұрғысынан оның өз күнін өзі көріп, рентабельді болуына мүмкіндігі жоқ», — деді министр.
2019 жылы кино өндірісі заңды түрде Ұлттық киноны дамыту орталығына өткен. Аида Балаеваның айтуынша, бұл «Қазақфильмді» тікелей функциясынан айырып, жеке студиялардың деңгейіне түсіріп жіберген.

«Қазақфильмнің» тағдыры – бүкіл отандық киноиндустрияның тағдыры», — деп атап көрсетті министр.
Сондықтан мәдениет және ақпарат министрлігі конкурстың ашықтығын және питчингтегі комиссия жұмысының тиімділігін арттыруды ұйғарды.

«Бұрын жобаларға мемлекет тапсырыс берсе, енді біз тақырып бойынша сценарийлерге конкурс жариялаймыз. Әр жанр бойынша қатысушылардың өтінішін сарапшылардың жекелеген топтары бағалайды. Ал бұрын барлық жобаларды бір топ бағалайтын», — деді министр.

Министрлік кино туралы заңға «Қазақфильмге» кино түсіру, фестиваль өткізіп, дубляж жасауға рұқсат беретін өзгерістер енгізуді көздейді. Қазір екі түсіру павильонына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурстық рәсімдерді әзірлеу үстінде.
«Инфрақұрылым мен киностудиядағы құрал-жабдықтарды жаңартуға қаржы құятын инвестор іздестіріліп жатыр. Инвестор киностудия ғимаратында жөндеу жұмыстарын жүргізу мен оның аумағын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Бірақ «Қазақфильмнің» жері мемлекет меншігінде, сондықтан сан-саққа жүгіртудың жөні жоқ», — деді министр.

«Кино — басты идеология құралының бірі» екенін еске салған Аида Балаева «Қазақфильмге» бұрынғы халықаралық даңқ-дәрежесін қайтару үшін министрліктің аянып қалмайтынын жеткізді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі