jasqazaq.kz

Аида Балаева: Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық

11 сәуiр 2024, 10:56


Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздің аймақтарындағы су тасқыны жағдайы мен қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетем деушілерге үндеу жариялады.

«Құрметті достар! Еліміз қазір қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Қарғын су ауыл-аймақты басып, халықтың үй-жайы мен мал-мүлкіне орасан зор шығын келді. Мұндай қиын-қыстау кезде ел азаматтары жұдырықтай жұмылып, бір-біріне көмек қолын созуда. Әрине, тілсіз жауды ауыздықтау оңай болмаса да, халықтың бірлігі мен ынтымағы арқылы бұл сынақты да еңсереміз деп сенеміз.
Осы уақыт ішінде бізге зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниеті жандар хабарласып, көптеген өтініштер түсті. Гуманитарлық көмекті қайда және қалай жіберуге болады деген сұрақтар көп. Қаражатты қай қорға және қандай шотқа аударуға болады ?
Бұл ретте, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Ресми түрде жұмыс істейтін қорлар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға хабарласып, біле аласыздар. Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық»,-деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі