jasqazaq.kz

Аида Балаева балаларға қандай кітаптар қызық екенін айтты

22 шiлде 2025, 15:44

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында елдегі кітап ісі және қоғамды кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды, деп хаюбарлайды jasqazaq.kz

«Бүгінде жаңа жанрларды дамыту аса маңызды. Қазіргі балалар мен жасөспірімдер комикс, фэнтези, детектив, фантастика жанрларына қызығушылық танытады. Бұл – олардың әдебиетке бастар алғашқы жолы. Сондықтан осы бағыттағы кітаптарды көбірек шығарып, қорларды жаңарту, заманауи авторларды қолдау – күн тәртібіндегі маңызды міндет», – деді Аида Балаева.

Министр балаларға кітапты күштеп оқыту емес, қызықтыра отырып үйрету қажет екенін айтты. «Олар әдебиетке жаңа формалар арқылы ғашық болуы мүмкін. Демек, біз әдебиет пен мәдениетте мұраны сақтай отырып, болашақты қалыптастыру миссиясын қатар алып жүруіміз керек», – деп атап өтті Аида Балаева.

Сонымен қатар, мемлекеттің кітап басуға жұмсалатын қаражатын тиімді пайдалану, тақырып жаңғырту, жазушыларды қолдау мәселелері – жекелеген бірреттік факт емес, жүйелі, стратегиялық тұрғыда шешетін мәселе екенін айтты. Қазірдің өзінде Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы басылып шығатын әдебиеттер қатарындағы заманауи көркем, публицистикалық (non-fiction) және ғылыми-көпшілік, сондай-ақ министрлік бастамасымен аударма мен балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиеттер үлесі 80% артқан.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарынан бері мемлекет тапсырысы бойынша жыл сайын қаламгерлердің кітаптары басылып, еліміздің барлық өңіріндегі кітапханаларға жеткізіліп келеді. Мәселен, 2017–2024 жылдар аралығында мемлекеттік тапсырыспен 1 487 кітап, жалпы таралымы 4 млн 911 мың дана басылып шықты. Сонымен қатар авторларға қаламақы төлеу жүйесі де жолға қойылған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы