«Кейде ақпарат айлап жаңартылмайды. Бізге дер уақытында берілмеген, ескіріп кеткен ақпараттың қажеті қанша? Бұл да үлкен мәселе. Себебі ақпарат қай кезде де өзекті болуы тиіс. Біз «қате ақпарат тарады, адамдар өсек-аяңға сенеді» деп ренжиміз. Түптеп келгенде, мұндай жәйттің орын алуына ресурстардағы ақпараттарды жүйелі түрде жаңартпай, өзіміз түрткі болып отырмыз. Сондықтан мемлекеттік органдар ресурстардағы ақпараттарды жүйелі түрде жаңартып отыру мәселесін ерекше бақылауға алуы тиіс»