jasqazaq.kz

Аида Балаева: Адамзат басына түскен сынақтар ақпараттың маңызды екенін көрсетті

14 ақпан 2024, 14:20

Бүгін «Қазмедиа» орталығында мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырумен «Журналистік этика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда медиа кеңістігіндегі этикалық аспектілерге қатысты пікір алмасу мен талқылаулар болды.

Жиында сөз сөйлеген мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистиканың қоғамдағы орнын айтып, жауапкершілігі жоғары мамандық екеніне тоқталды.

«Кәсіби журналистика — батыл да, талантты да жауапкершілігі жоғары адамдардың жұмысы. Журналистің қазіргі мәртебесі оның қоғам мен мемлекет алдындағы маңызына бүгінгі деңгейіне сәйкес келе ме, келмей ме деген үлкен талқылаулар бар. Десе де, мен министр ретінде қалам мен қағазды, микрофонды серік еткен сала қызметкерлерінің жағдайын жақсарту үшін қолымнан келгенін бәрін жасауға дайын екенімді айтқым келеді. Бүгінгі жиынға ақпарат саласына жауапкершілікпен қарайтын кәсіби деңгейі биік мамандар жиналған. Соңғы жылдары адамзат басына түскен сынақтар ақпараттың маңызды екенін анық көрсетті. Журналист қашан да жоғарғы эрудиция, нақтылық және объективтілігімен қарапайым желі қолданушылары мен блогерлерден ерекшелігі бар екенін үнемі айтып келеміз. Осы қасиеттер журналистиканы биікке шығарады. Біз салалық министрлік ретінде депутаттар мен БАҚ өкілдерімен белсенді әрі жемісті ынтымақтастық орнатып келеміз. Журналистика кез келген басқа сала сияқты, түрлі тәуекелдер мен сан алуан қиындықтарға толы мамандық. Бүгінде ақпарат тарату үрдісіне блогингтің әсері сезіледі. Жалпы алаңда блогосферадан ақпарат алу өмір шындығына айналды. Бірақ блогердің жұмысы сол журналистің орасан зор еңбегі мен тәжірибесінен негізделгені ақиқат», — деді министр.

Жиынға қатысқан медиа өкілдері салалық журналистиканы дамыту керегін айтып, ұсыныстарын ортаға салды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі