jasqazaq.kz

Аида Балаева: 2023 жыл Мемлекет басшысы бастаған ауқымды өзгерістердің тағы бір жаңа белесін бағындырған тарихи уақыт болды

26 желтоқсан 2023, 15:09

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы бастаған ауқымды өзгерістер орын алуда. Бұл жаңа белесті бағындырған тарихи уақыт болды. Соның ішінде, мәдениет пен идеология саласында үлкен бастамалар қолға алынып, «Әділетті Қазақстан» концепциясының іс жүзіндегі тұғыры айқындала бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Министр бұл ең алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақты әрі тиімді шешімдерінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының жыл басынан бері әртүрлі халықаралық және республикалық шаралардан бөлек, қоғам мәселелерін ерекше қордалаған Ұлттық Құрылтай мен дәстүрлі Жолдауында көтерген бастамалары саламызға тың серпіліс берді. Қалыптасқан рухани, ақпараттық жағдайға тікелей әсер ететін бірқатар маңызды әрі қажетті заңдар мен нормативтік актілер қабылданды. Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық, зайырлы ортасын көтермелеу мақсатында Президент тарапынан нақты қадамдар жасалып, үлкен мотивациялық қолдау көрсетілді», — деді Аида Балаева.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы барлық мәселені жүйелі әрі тиімді шешіп отыру үшін Мемлекет басшысы осы жылдың қыркүйек айында мәдениет және ақпарат министрлігін қайта құру туралы саяси шешім қабылдады.
«Жалпы министрліктің қызметі мемлекет пен қоғам үшін ауқымды, маңызды ақпарат, мәдениет, азаматтық қоғам, ұлтаралық қатынас, дін және жастармен жұмыс сияқты салаларды қамтиды», — деді А.Балаева.

JQ-Aqparat

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс