jasqazaq.kz

AIBA Олимпиададағы даулы жекпе-жектерге қатысты мәлімдеме жасады

17 тамыз 2016, 23:31

photo_28544

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы даулы жекпе-жектерге қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Ойындарда өткен 239 жекпе-жекті сараптаған ұйым «кейбір шешімдер лайықты деңгейде шығарылмаған» деген тұжырымға келіпті. Қателік жасаған төрешілер мен қазылар Олимпиада ойындарының соңына дейін шеттетіледі. Алайда жекпе-жек қорытындылары өзгеріссіз қалады екен.

Нақты қай жекпе-жектерде қателіктің кеткені айтылмайды, сонымен қатар бұл шешімнің Василий Левит – Евгений Тищенко жекпе-жегіне қатысы бар ма, жоқ па, ол да белгісіз.

Осыған дейін Олимпиадада қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконің финалдағы жекпе-жегіне қатысты халықаралық дау туған еді. Қазылар жеңісті Тищенкоға берген кезде жанкүйерлер бұл шешімге наразылық білдіріп, ысқырған болатын. Желіде жекпе-жек қорытындысын қайта қарау туралы петиция пайда болды. Ал әлемдік бокс мамандары төрешілердің әділ шешім шығарғанына күмән келтіретінін атап жатты.

Ал осыдан соң Левит — Тищенко жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар тағы да дауға қалған еді. Бұл жолы көрермендер ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы жекпе-жектің қорытынды шешіміне наразы болды.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде