jasqazaq.kz

Ахметжан Есімов: АҚШ павильоны тапсыруға дайын

19 қараша 2016, 21:19

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «APCO Worldwide» компаниясының атқарушы вице-президенті Дон Бонкермен кездесті. Кездесу барысында тараптар Америка Құрама Штаттарының халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz.

ahmetzhan

Ахметжан Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп қойды. Сондай-ақ, көрмеге қатысушыларға арналған пәтерлер де дайын. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр. АҚШ павильоны тапсыруға дайын», – дейді А.Есімов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын 106 ел растады, олардың 102-сі өз комиссарларын тағайындады, 90 ел Қатысу келісімшартына қол қойды.

«АРСО» компаниясы америкалық павильонның ашылуына қатысты жұмыстарды атқару үшін таңдалды. Біз барлық ұйымдастырушылық мәселелермен, айталық павильон дизайны, контенті, оны ілгерілету жұмыстарымен айналысамыз. Және біз үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне абыроймен қатысу өте маңызды», – дейді Дон Бонкер.+

Естеріңізге салсақ, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді, оған 2 миллионнан астам адам келеді және павильондар 5 миллионнан астам рет тамашаланады.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде